Қылмыстың ізін суытпай ашқан ҚАЖ қызметкері
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Серік Махсутов пәтер ұрлығын жасаған азаматты ұстап, қылмысты ізін суытпай ашты.
Қылмыс Қызылорда қаласында С.Жүнісов көшесіндегі жер үйлердің бірінде орын алған.
Қасқөй ұры үй иелері жұмыста болған кезде сағат 10 шамасында үйге терезе арқылы ұрлыққа түскен.
2021 жылдың 26 сәуірінде сағат 11.00 шамасында әділет майоры С.Махсутов жеке жұмыстарымен келе жатып іс-әрекеті күдік тудыратын азаматты байқайды. Мән-жайды сұрау мақсатында азаматтың қасына жақындап, қолындағы сөмкенің ішінде темір зат бар екенін және сату мақсатында алып бара жатқанын анықтайды. Дереу 102 нөміріне хабар беріп, жедел түрде Жол патрулдік полиция қызметкерлері мен жедел тобы қызметкерлері келіп жетеді. Қызметкерлер бұл заттардың ұрланған заттар екендігін дереу анықтайды. С.Жүнісов көшесіндегі №91 үйдің терезесін сындырып, дәл осы заттар ұрланғанын үйдің егесі растаған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ерекше жауапкершілік пен міндет жүктейтін Қылмыстық-атқару жүйесі саласында 20 жылға жуық қызметін абыроймен атқарып келе жатқан әділет майоры Серік Боранбайұлының әлі де талай қылмыскерді ұстап, қылмыстың ізін суытпай ашатынына сеніміміз мол.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]