Мереке қарсаңында пробация есебіндегі жалғызбасты анаға көмек көрсетілді
Қызылорда қалалық пробация қызметі қоғамдық бірлестіктермен , ерікті жастармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осындай бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінде, пробация есебінде тұратын азаматшаға көмек көрсетілді.
Мереке қарсаңында қалалық пробация қызметкерлері «Ел Арай» қоғамдық қорымен бірлесіп, тұрмыс жағдайы төмен , жалғызбасты анаға көмек қолын созды.
«Бұл азаматша пробация есебіне алынғалы бері психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсеттік. Үй-күйі жоқ азаматшаны «Аналар үйіне» орналастырдық. Қоғамдық қор арқылы азық-түлікпен балаларына киімдер және тұрмыстық заттар берілді. Пробация есебіне бақылауға алынған әрбір азаматтың жағдайына зерделеу жүргіземіз, қажет болған жағдайда тиісті көмек түрлерін көрсетеміз»,-деді қалалық пробация бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.
Есепте тұрған сотталған жалғызбасты ана отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлаған қалалық пробация қызметі мен «Ел-Арай» қоғамдық қорына алғысын айтты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]