Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ: Қазақстан қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ұсынымдарына сәйкес келеді

Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ: Қазақстан қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ұсынымдарына сәйкес келеді

9 сәуірде БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - ЕҚБ) Тұрақты өкілі Ашита Миттал ханымның бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевпен онлайн кездесу өтті. Әңгімелесу барысында тараптар пікір алмасып, бірлескен қызметтің одан арғы қадамдарын талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформаларға назар аударып, саяси жаңғыртудың маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық стандарттар призмасы арқылы іске асырылған және жоспарланған заңнамалық бастамаларды атап өтті.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысы туралы хабарлады. Спикер 6 бағытты егжей-тегжейлі түсіндірді: мемлекеттік органдардың транспаренттілігі мен ашықтығын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды ескере отырып; сыбайлас жемқорлықтың себептері мен мән-жайларын жою; мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқын нығайту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту; азаматтық қоғамды тарту және жазаның бұлтартпау қағидатына негізделген қылмыстық-құқықтық шаралар.

Шетелдік әріптестер Агенттіктің қызметіне жоғары баға берді. Ашита Миттал ханым: «Қазақстанның БҰҰ ЕҚБ бастамаларын және БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына шолу тетігін іске асыруда көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Біз Орталық Азия мен Кавказ өңірінде бағдар болуы тиіс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жұмысының оң нәтижелерін көріп отырмыз. Сіздерге БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорк, АҚШ-тағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы сессиясы аясында қазақстандық тәжірибені таныстыруды ұсынамыз».

Венадағы БҰҰ ЕҚБ Штаб-пәтерінің өкілі, Австрия Венди О' Брайен ханым да бірлескен күш-жігерді одан әрі нығайтуға үміт білдірді. Сұхбаттасушы: «Біз агенттіктің құқық қорғау органдарын реформалауға қосқан үлесін бағалаймыз. Атап айтқанда, сервистік полицияны қалыптастыру, ашықтықты арттыру және ішкі істер органдарындағы қатарлардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз етіп отырмыз. Агенттікпен жұмыс БҰҰ ЕҚБ және ІІМ жаңа жобасы аясында өте өзекті», - деп атап өтті.

Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ Халықаралық бағдарламалар менеджері Кун Макверинг мырза: "Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүргізген, ашықтықты арттыратын және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендететін жұмысы таңғаларлық. Біз азаматтық қоғам мен бизнес-секторды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тартуды да ерекше атап өтеміз", - деді.

Тараптар өзара қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдіре отырып, жоғарыда көрсетілген бағыттарда өзара іс-қимылды нығайтуға келісті. Таяуда өңірдегі озық тәжірибелер бойынша сараптамалық жұмыс тобы құрылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.