Антикор қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекше форматын пайдалануда
Былтыр Агенттік бастамасымен парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге және терең білімнің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы бастау алды.
Карантин жағдайында бұл акция алғаш рет бейне-дәріс пен онлайн сабақ түрінде «Balapan» және «EL ARNA» телеарналарында өтіп, еліміздің білім мекемелеріндегі 760 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамтыды.
Сонымен қатар, бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube каналына жүктеліп, жергілікті департаменттер мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде көрсетілді.
Қазіргі таңда «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» және «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыптарында бейне-дәрістер өтті.
Бұл бейнематералдар игі істер жасауға үндей отырып, дұрыс іс-әрекет үлгісі мен оң көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.
Бүгінде республикалық және жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде көрсетілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтер бойынша көп пікірлер түсіп жатыр.
Мысалы, соңғы екі бейнеролик әр әрекеттің балаларымыздың болашағы үшін салдарын ойлау қажеттілігін көздей отырып, қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған.
Тағы бір бастама – бірқатар қалалардың орталық көшелерінде адалдыққа, ақшаға сатылмауға және әділеттілікке шақыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар болды.
[xfvalue_img]
2 540 пікір