Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылы автомобиль жолдары мен көлік саласы бойынша атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлары

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылы автомобиль жолдары мен көлік саласы бойынша атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлары

Автожол саласы:

Автомобиль жолдары/4376 шқ/ мен елді-мекен көшелерінің желісі /5662 шқ/10 038 шқ құрайды.

            (республикалық– 1237 шқ, облыстық – 1756 шқ, аудандық– 1383 шқ, елді-мекендер көшелері – 5662 шқ).

          2022 жылы жол саласына 16,2 млрд. теңге бөлінді. /Оның ішінде: 8,3 млрд.теңге – республикалық, 4,4 млрд.теңге – облыстық, 3,5 млрд.теңге – аудандық, қалалық  бюджеттерден о.і. аудан -2,3 млрд, қала 1,2 млрд./

        Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жолды /Тараз қ./қайта жаңғыртумен және 605,2 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.

       Оның ішінде:

            194,1 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;

            53,6 шқ – аудандық маңызы бар;

            357,5 шқ – елді мекен көшелері./Ауыл-ел бесігі бағдарламасын қоса алғанда./

        Барлығы 252 жол жөндеу жобалары іске асырылуда. Оның ішінде:

        - «Қуатты өңірлер – ел дамуның драйвері» бағдарламасымен – 31 жоба немесе 194,1 шқ. /ЖКжАЖБ – 21, Жамбыл – 1, Жуалы – 2, Қордай – 1, Сарысу – 2, Талас – 1./                                                                             

        - «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 74 жоба немесе 169,4 шқ./Байзақ – 12, Жамбыл – 7, Жуалы – 2, Қордай – 5, Мойынқұм – 2, Мерке – 5, Т.Рысқұлов – 7, Сарысу – 15, Талас – 15, Шу – 7/;

            - «Өңірлерді дамыту - 2025» бағдарламасымен -  2 жоба немесе 9,4 шқ. /Тараз – 2/

        - Жергілікті бюджеттерден 145 жоба немесе 196,3 шқ. /о.і. 17,6 шқ аудандық, 188,1 көше/. /Жамбыл – 4, Қордай – 1, Т.Рысқұлов – 19, Мойынқұм – 4, Тараз – 35/

        Айта кететін болсақ, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен жоспардағы 605,2 шақырым жолдың 338 шақырымында /55%/ жаңа асфальт төсеу жұмыстары аяқталып отыр.

        Жалпы 2022 жылы «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішінің межесі 97%/2021ж-95%, о.і.: 50%-жақсы, 45-%-қанағатты/құраса, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 82,% /2021 жылы-79,2%/жеткізу көзделіп отыр.

       Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісім-шарт жасасуға жергілікті бюджеттен жалпы 119,0 млн. теңге бөлінді.

        Бірлескен тұрақты жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу жұмыстары әлеуметтік желілерде тікелей эфирде жарияланып, халыққа ашықтық қамтамасыз етілуде.

        Жыл басынан Сапа орталығымен бірлескен 557 жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 1195 сынама алынды. Нәтижесінде, 152 /республика – 133; жергілікті – 19/ ескертулер мен кемшіліктер беріліп, жұмыс тәртібінде жою бойынша шаралар қабылданды.

Автожолдардың сақталуын қамтамасыз етубағытында Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен бекітілген бірлескен іс-шараларға сәйкес, облыс жолдарында кезекшіліктер ұйымдастырылып, тексерулерді жүргізу шаралары жалғасуда.Дегенмен, ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз қозғалуынан автожолдардың мерзімінен бұрын  бұзылу фактілері тоқтамауда. Инспекцияда жылжымалы бекеттер санының жетіспеуінен /3 дана, 1-уі жарамсыз/жергілікті жолдар өз деңгейінде бақылаумен қамтылмай отыр. Бұл бағытта жағдай түзелген жоқ.

2022 жылдың 6 айында жылжымалы көліктік бақылау посттарында 69 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 4 млн.теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке  бүгінде 3,3 млн.теңге өндірілген.

Бүгінгі таңда, «Тараз қаласындағы зияткерлік қауіпсіздік жүйесі және жол трафигін талдау» /СЕРГЕК/ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырыу аясында бекітілген адрестік бағдарламаға сәйкес, жеке әріптес тарапынан 130 нысанда 413 дана жалпы бейнебақылау камерасы орнатылып, оның 165 данасы іске қосылды. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Жүйе толық іске қосылғаннан кейін ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің ақпараттық қауіпсіздік жүйесі талаптарына сәйкестік рәсімдері жүргізіліп, 2022 жылдың желтоқсанында нысан пайдалануға беру көзделуде.

          Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2027жж.

            МЖӘ объектісін құрудың жалпы кезеңі: 9 ай. /22-қыркүйек /

            МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі: 60 ай

            Жобаны іске асыру орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

            Жобаның құны: 5 230 418,0  теңге.

            МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  1. 35 желілік учаскедегі аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК);
  2. 13 қиылыста АБК;
  3. 450 нысанға 1250 жалпы бейнебақылау камералары;
  4. Деректерді өңдеу және талдау орталығы, деректерді өңдеуге және талдауға арналған серверлер; деректерді сақтау жүйесі; коммутациялық және маршруттаушы жабдық.

    Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы,

    Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

36 пікір

  1. аватар
    Libby 2 ноября 2024 22:06

    подработка в 10 лет на выходных в наро
    фоминске работа на дому оператором видеонаблюдения работа менеджер
    по снабжению удаленно работа в одинцово
    в домах отдыха

  2. аватар
    Lashawnda 17 ноября 2024 19:36

    өздігінен білім алу бұл, мұғалімнің кәсіби
    өздігінен білім алуының негіздері другая фильм смотреть
    ютуб, обратная сторона полуночи смотреть онлайн менің жер ұйығым эссе, туған жер эссе 4 сынып жк сенатор парк
    отзывы, жк софия астана отзывы

    Feel free to surf to my web site: әдебиет рух қоғам

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.