ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 5 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 5 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысындағы негізгі басымдылық – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау, мақсатсыз пайдаланылуын және жымқыруын болдырмау, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

«Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталы арқылы тауарлардың сатып алынатын бағаларына талдау жүргізіледі, онда есептеу үшін орташа арифметикалық бағаны айқындау әдісі қолданылады, ол ең төмен және ең жоғары бағалар ескерілмейтін сатып алудың орташа бағасын айқындауға көмектеседі және орташа республикалық бағалар дәлізі құрылады. Тиісінше, егер сатып алуға жоспарланған лоттың бағасы орташадан едәуір жоғары деп болжанса, Антикор осы бағаның негізділігін тексереді, бюджеттің жасанды ұлғаюын, қаражаттың тиімсіз жұмсалуын болдырмау мақсатында нақты асыра бағалауды немесе кемітуді белгілейді.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020 жылдан бастап осы «сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесінің көмегімен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, процестің басында бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуын анықтады. Мәселен, осы порталдың көмегімен 3 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 5,1 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды.

Мысалы, облыстағы колледждердің бірі 48,6 млн. теңге сомасына материалдық-техникалық жарақтандырылған оқу кабинетін ашуды жоспарлады. Департаменттің тиісті ұсынымынан кейін 17,3 млн. теңге үнемделді.

Тағы бір мысал, квазимемлекеттік сектор субъектісі 2022 жылдың 1-ші тоқсанына 143,3 млн.теңгеге трактор сатып алуды жоспарлады. Департаменттің ұсыныс хатынан кейін Мемлекеттік сатып алу жоспарларындағы сома 22,3 млн.теңгеге дейін төмендеді, тиісінше үнемдеу 121 млн. теңгені құрады.

Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бұл құралы өзінің тиімділігін дәлелдей білді және мемлекеттік сатып алуға бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тетігінде елеулі проблемалардың бар екенін көрсетуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

33 пікір

  1. аватар
    Trey 26 октября 2024 10:51

    пандора астана, пандора астана сигнализация 4 сүре 10 аят қазақша, ниса әйелдер сүресі 5 аят лучшая биография маяковского, 23 школа костанай директор алаша руының шежіресі, алаша қоңырбөрік

    Here is my homepage :: миға шабуыл әдісінің мақсаты

  2. аватар
    Melodee 17 ноября 2024 11:12

    тәуелсіздік алғаннан кейінгі айтыс, қазіргі айтыскерлер туралы мәлімет операциядан кейінгі кезең,
    операциядан кейінгі кезең презентация
    бір жұлдыздан тұрады махаббаттың аспаны, қадыр мырза әли өлеңдері біз екеуміз кездескенде, арман шақырады алдан текст

    My web site өзбекстан өлім саны 2023

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.