ҚАЖ қызметкерлері жазғы киім үлгісіне көшті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жеке құрамның жазғы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау ұйымдастырды. Саптық байқауды мекеменің кадр саясаты тобының инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов жүргізді. Алдымен жеке құрам қызметкерлері сапқа тұрғызылды.
Әділет капитаны Д.Оспанов қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.
Аталған іс-шараның мақсаты жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ, қызметкерлердің жазғы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру болып көзделеді.
«Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, жылына екі рет - көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір Ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі тиіс»,-дейді әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
54 пікір