Жеке құрам Дабыл сигналына дайын ба?
ЗК-169/1 тергеу изоляторы қауіпсіздігі аралас мекеме. Кез-келген уақытта мекеме аймағында төтенше жағдай туындауы мүмкін. Міне, сондай кезде жеке құрамға дабыл белгісі беріліп, белгіленген уақытта межелі жерде болу керек.
Яғни, бұл саланың қызметтік тәртібі сол, әрдайым сауысқандай сақ, қырандай қырағы болып, жауынгерлік әзірлікте жүруің керек. Сондықтан мекеменің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын шыңдау бойынша теориялық сабақтары мен практикалық жаттығу жұмыстары жоспарға сай өтіліп тұрады.
Атап айтсақ, 10 қыркүйек күні таңғы сағат 05:00 де кадр саясат тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі аға инспекторы әділет аға лейтенанты Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлың ұйымдастыруымен дабыл белгісі беріліп, жеке құрам қызметкерлері белгіленген уақыттан кешікпей дабыл сөмкесімен жиналды. Алдымен олар сапқа тұрғызылып, аты аталып, пәрмен бойынша өзінің тегін естіген қызметкер Жарғыға сай «Мен!» -деп жауап беруі арқылы тексерілді.
Одан соң, сырт көріністері, нысанды киім мен шаш үлгісінің талапқа сай болуы қарап өтілді. Сондай-ақ, сапқа тұру барысында олардың қызмет куәліктерінің атағы мен лауазымына сәйкестігі қатардағыдан бастап, майор,подполковникке дейін қаралып шықты. Ал, ең бастысы қызметкерлердің дабыл чемоданының толықтай жабдықталуына, аса зор мән беріліп, жіті қадағаланды.
- Бүгінгі жеке құрамның төтенше жағдай кезіндегі дабыл чемоданын тексеру барысында, жадынамаға сәйкес дайын екендігі анықталды. Олардың сыртқы көріністері де, белгіленген талаптарға сай болды. Дабыл сигналы бойынша жиналғандардың келуі жүз пайызды құрады. Жоспарға сай, өткізілген бұндай дайындық жұмыстары жеке құрамның таңдаған кәсібіне деген жауапкершілігін арттырып, жауынгерлік намысын оятып, патриоттық сезімдерін шыңдағаны анық- деп, баға берді кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі аға инспектор М.Тұрымбетов.
[xfvalue_img]