АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЛҒАШҚЫ ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕ ӨТТІ
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы виртуалды көрме өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев және облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысты.
«Болашақ сарайы» ғимаратының үлкен экрандары мен мониторларында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іске асырылып жатқан түрлі жобалары, қоғамдық мониторингтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, әлеуметтік зерттеулер, превенция жұмысы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерін цифрландыру мен интеграциялауға бағытталған жоспарланған жобалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрнекі көрсетіледі.
«Жергілікті тұрғындар да, өңір қонақтары да ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған аталған көрмені аралай отырып, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің перспективалары белгіленгенін біле алады. Мұндай бірегей тәсіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға кеңінен тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді іс-шара барысында Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев.
Аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімова атап өткендей, аталған іс-шараны «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, өйткені жаңа ғимараттың жұмысы балалар мен жастарды жан-жақты дамытуға және оқытуға бағытталған, өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда өскелең ұрпаққа ерекше рөл берілген.
Көрме ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың осындай заманауи форматтары бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда, әсіресе парасатты жас ұрпақты құруда тиімді құрал болуы керек деп санайды.
[xfvalue_img]