Бүгінгінің батырлары!
Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ағымдағы жылғы 12-қаңтар күні, Нұр-Сұлтан қаласында Сарыбұлақ өзенінің арнасындағы оппа қарға түсіп, шыға алмай қалған жас бүлдіршіндерді қар құрсауынан құтқарып қалған қаламыздың жастары Мукушев Бауыржан, Секен Нариман және Шекенов Ержанды марапаттау рәсімі өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» басшысы атынан, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қатысуымен, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшылығының және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Елордалық филиалының төрағасы атынан алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен аталған азаматтарды балаларды құтқаруда жасаған ерліктері үшін марапаттау рәсімі өтті.
«Ежелде батырларымыз ел басына күн туғанда елін, жерін қорғап, жанын шүберекке түйіп, өмірдің қызыл жалынына күйіп, жан алысып, жан берісіп өзінің рухын көрсетсе, дәл сондай азаматтар бүгінде де арамызда бар екендігі айдан анық!
Бүгінгінің батырлары да сын сәттерде адамгершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, өз бастарын қатерге тігіп, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, ерлік танытқан!
Осы жандардың жасаған ерліктері замандастарымыз бен ел жастарына азаматтық парыздың және ауыр жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетудің үлгісі деп ойлаймын» - дейді Налшыбек Асхат Бағдатұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы.
[xfvalue_img]