КҮРШІМДЕ  «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

КҮРШІМДЕ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановпен «Күршім ауданында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

         Тікелей эфирде Дулат Қажанов ауданда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасының іске асырылуы бойынша мағлұмат берді.

Оның айтуынша, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында ауданда «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі 2019 жылдың 13 желтоқсанында ашылып, кешенді шаруалар атқаруда.

«Ауданда «Ашық әкімдік» қызметі қайта жаңғыртудан кейін  іске қосылып, қыркүйек айынан жұмысын бастады. Мұнда әрбір  азамат сәулет және құрылыс, жер қатынастары, әлеуметтік, білім саласы және басқа да мәселелер бойынша қажетті қызметтер мен кеңестер ала алады. «Ашық әкімдік» алаңы барлық керекті материалдық техникалық базамен, жабдықтармен қамтылған. Онда  күту залы, WI-FI желісі, балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы дабыл белгісі және пандус орнатылған. Интернет желісінде «kurshim_adaldyk_alany» әлеуметтік парақшасы ашылған. Бұл парақшада аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аудан  әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі әдіскері және «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жауапты тұлғасынының, жауапты сала басшыларының азаматтарды қабылдауы, тікелей эфирлері, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар үнемі жарияланып, бейнероликтер шығарылып  отырады», - дейді аудан басшысы Дулат Қажанов.

Сонымен қатар Дулат Зайсанбекұлы аудандағы электронды қызмет көрсету жұмыстарына тоқталды:

«Аудандағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашудағы басты мақсат тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда  жылдам және  сапалы алуына жағдай жасау болып табылады. Осыған орай ауданда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары мемлекеттік  мекемелерде ұйымдастырылған. Олар аудандық әкімдік ғимаратының бірінші қабатында, 12 ауылдық округі әкімінің аппараттарында, 2 кітапханада, 1 дербес бөлімде, мектептерде басқа да мекемелерде (аурухана, кіріс басқармасында, цонда)  өзіне-өзі қызмет көрсету  20 бұрыштары  ашылған. Онда 2020 жылы азаматтар 40923  қызмет алды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында ауыл тұрғындары тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғылықты мекенжайға тіркелу, тіркеуден шығу, мұрағаттық анықтама, медициналық анықтамалар, әкімшілік айыппұлдың бар-жоғы, несиелік есеп, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, некеге тұру, ажырасу бойынша анықтамалар, балабақшаға кезекке қою, ЭЦҚ кілтке тапсырыс, зейнетақы аударымдары туралы және т.б мемлекеттік қызмет түрлерін алуда», - деп атап өтті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.