Шығыс Қазақстандағы бюджеттердің ашықтығы

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс» деп баса айтқан болатын.

Бұл міндетті орындаудың бір құралы ретінде «Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі» жүзеге асырылып, онда облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бюджет жүйесінің ашықтығы, айқындығы мен есеп беру деңгейі өлшенуде.

Зерттеудің мақсаты – жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтық деңгейін анықтау, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыру.

2019 жылғы Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін анықтауға бағытталған зерттеудің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы жергілікті бюджеттердің ашықтығы бойынша көшбасшы деп танылды.

Бұл нәтижеге қол жеткізуге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен енгізілген «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы елеулі үлес қосты.

Себебі, ашық бюджеттердің интерактивті картасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуы жарияланады. Сондай-ақ, интерактивті карта – азаматтардан түскен өтініштерді қабылдау және өңдеуге арналған алаң болып табылады. Ал картаның әлеуеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттеріне тиімді қол жеткізу мақсатында жүйенің жаңа мүмкіндіктерін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жалпы, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (Publicbudget.kz) – қоғамдық ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасындағы бірегей жоба.

Жоба Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылдың шілдесінен бастап іске асырылуда. Аталған картаның көмегімен шығысқазақстандықтар бюджеттік шығындар туралы бар мәліметті біле алады. Ол 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлау мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, ресурс жұмсалған қаражатты автоматты түрде талдайды және ұқсас нысандармен салыстырады. 

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» әркім үшін түсінікті етіп жасалған. Бұрын бөлінген қаражат және жүргізілетін жұмыстардың техникалық сипаты, аяқталу мерзімі туралы ақпаратқа қол жеткізу қиын болса, енді мұның бәрі осы картада көрсетілген.

Жоба аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында келісімге қол қойылды.

Облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарында интерактивті картамен жұмыс істеу бойынша жауапты тұлғалар тағайындалып, карта жүйесінің деректер базасында барлық мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, яғни 1639 мемлекеттік ұйымдар тіркелген.

2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ашық бюджеттердің интерактивті картасында 1,1 трлн.теңге сомасына 4791 бюджет жарияланды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі жүргізіліп, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенім деңгейін арттыруға зор мүмкіндік береді деп сенеміз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.