А. АЙМАҒАМБЕТОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МҰҒАЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкентке жұмыс сапары барысында білім беру ұйымдарының педагогтерімен және оқытушыларымен кездесті.
Министр мегаполистегі №1 мектеп-гимназиясында, Жол-көлік колледжінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып қайтты.
Кездесу барысында мұғалімдер мен мектеп директорлары, колледж оқытушылары, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы министрге өз сұрақтарын қойды. Педагогтер мектеп директорларын тағайындауға қатысты, ротация институтын енгізу бойынша ұсыныстарын білдіріп, мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдау қажеттілігі жайлы, оқулықтарды әзірлеу барысында қойылатын талаптарды заңнамалық деңгейде күшейту керек екенін айтты. Жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Асхат Аймағамбетов педагогтер мен оқытушыларға министрлік атқарып жатқан негізгі жұмыстар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен тоқталып, қабылданған жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен білім беру мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер туралы айтты.
БҒМ басшысы колледждердің академиялық еркіндігі, педагогтердің құқықтарын қорғау және оларды міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға жол бермеу мәселелеріне жеке тоқталып өтті.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]