СҚО әкімі аппаратының қызметкері 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алу күдігіне ілінді
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқармаларының бірі басшысының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алу күдігіне ілінді.
Қалған мән-жайлар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
[xfvalue_img]