«2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы»

«2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы»

 

27 қазанда  «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа саяси партиялардың, ІІМ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, СІМ, ҚР ОСК АТО РМК, бейнеконференция байланысы режимі арқылы аумақтық сайлау комиссиялары мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері аппараттарының басшылары, онлайн режимі арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев сайлаушылардың тізімімен жұмыс жүргізу электоралдық процестің маңызды акспектілерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл азаматтардың сайлаушылар тізіміне енуі, сайлаушылардың конституциялық құқығын жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров сөз сөйледі.

Сайлаушылар тізімімен жұмысты ұйымдастыру.

2018 жылы «Сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге байланысты сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру бөлігінде, тізімдерді қалыптастыру үшін жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі - ЖТМДҚ) бірыңғай дереккөз болып айқындалды.

Сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру процесін енді аумақтық сайлау комиссиялары бақылайды, олар әкімдіктер ұсынатын тізімдердің ЖТМДҚ алшақтық сәйкестігін анықтайды және оларды жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі-ЖАО) пысықтайды.

ҚР 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 820 318 азамат енгізілді.

ЖТМДҚ негізі арқылы сайлаушылар тізімін қалыптастыруға көшу жаппай «аулаларды аралап шығудың» сияқты ескі тәжірибені жояды, сондай-ақ бұрынғы тәжірибеден айырмашылығы, сол азамат бірден бірнеше өңірлік базаларға еніп қалуы немесе бірде-біреуінде болмай қалуы сияқты ақпарат көздерін реттей отырып, оларды біріздендіреді.

Сайлаушылар тізіміне енгізу.

Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.

Оған республиканың белсенді сайлау құқығы бар: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті, бас бостандығынан айыру орындарында отырмайтын азаматтар енгізіледі.

Нақты бір сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.

Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.

10 желтоқсанға дейін тіркеу болмаған жағдайда да азаматтар дауыс беруге арналған учаскені таңдау туралы ЖАО-ға өтініш жасауға құқылы.

Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні оның тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болған жағдайда, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініш жасауға құқылы.

Бұл ретте жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Сайлау учаскесіне сайлаушылардың тізімін ұсыну.

Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына, яғни 20 желтоқсаннан кешіктірмей электрондық түрде және (немесе) қағаз тасымалдағыш арқылы аумақтық комиссияға электрондық түрде ұсынады.

Төмен тұрған аумақтық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімдерін Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының электрондық тізіліміне енгізу үшін оларды жергілікті атқарушы органдардан алған күннен бастап екі күн мерзімде жоғары тұрған комиссияға электрондық түрде ұсынады.

Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, яғни 26 желтоқсаннан кешіктірмей тиісті сайлау комиссиялары танысу үшін сайлаушыларға ұсынады.

Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Учаскедегі сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу

Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен шығарылып тасталғаны, сондай-ақ тізімдегі сайлаушы туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктер туралы шағым жасауға құқылы.

Сайлаушылар тізімдеріне енгізу, олардан шығарып тастау не сайлаушылар тізімдеріне түзетулер енгізу қажеттігі туралы арыздарды тиісті сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына өтініш келіп түскен күні қарайды.

Өтініш қабылданбаған жағдайда сайлау комиссиясы өтініш берушіге оның өтінішін қабылдамау туралы дәлелді шешімнің көшірмесін кідіріссіз береді. Шешімге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиісті сотқа шағым жасалуы мүмкін, ол шағымды келіп түскен күні қарайды.

Арызданушы үшін оң шешім қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар тізіміне түзетуді немесе енгізілмеген сайлаушыны тізімге енгізуді дереу жүргізеді.

Сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды.

Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

Азаматтардың уақытша келген орындарында құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдері

Республика бойынша азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған 558 учаске бар. Мұндай учаскелер бойынша сайлаушылардың тізімдері дауыс беруге 5 күн қалғанда жасалады және дауыс беруге 1 күн қалғанда нақтылануға тиіс.

Бұл: демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде; шалғайдағы және қатынасуы қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерінде; тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында; Қазақстан Республикасына тиесілі және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде; әскери бөлімдерде құрылған учаскелер.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 51 елінде 66 сайлау учаскесі құрылды.

Бұл тізімдерге тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

Сондай-ақ, отырыс барысында «ҚР ОСК ақпараттық-техникалық орталығы» РМК директоры Қанат Арсақбаев ведомстволық жүйелерді интеграциялау, аумақтық сайлау комиссияларымен техникалық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев азаматтарды тұрғылықты жері бойынша есепке алу және тіркеу бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары тыңдалды. Олар сайлаушылардың тізімін жасау сапасын арттыру және Call-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Отырысты қорытындылай келе, Берік Имашев сайлаушыларды құқықтық сауаттылық танытуға және ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей заңда белгіленген мерзімде сайлаушылар тізіміне ену туралы қамқорлық жасауға шақырды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың назарын олар тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша Республиканың белсенді сайлау құқығы бар барлық азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізуді қамтамасыз ететіндігіне аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Ортсайлауком қаулысы қабылданды, оған сәйкес әкімдер келіп түскен барлық өтініштерді ескере отырып, сайлаушылардың дұрыс және өзекті тізімдерін қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша барлық түбегейлі шараларды қабылдауы қажет. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы ақпараттандыру үшін ақпараттық онлайн сервистер мен Call орталықтар ұйымдастыруы қажет.

Сонымен қатар, отырыста Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы үндеуі қабылданды.

Отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-брифинг өтті, онда Ортсайлауком мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.