Агенттік Президент жүктеген жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту бағытын жалғастыруда.
Агенттік Президент жүктеген жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту бағытын жалғастыруда.
Бір жыл бұрын қабылданған отставкаға кету және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы нормалар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, 9 саяси қызметші отставкаға кетіп, түрлі деңгейдегі 33 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы 14 саяси қызметшінің отставкаға кетуі күтілуде.
Биылғы қараша айынан бастап НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптама толыққанды іске қосылады. Оны өткізудің үйлестірушісі – еліміздің ең ірі жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
А.ж. 17 қазанда ұлттық және жеке компанияларда комплаенс-қызметтер құруды; мемлекеттік қатысудың кез келген үлесі бар ұйымдардың қызметкерлері есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілерінің аясын кеңейтуді; мемлекеттік қызметшілер үшін сыйлықтар беруге және алуға толық тыйым салуды; жақын туыстарының бірге жұмыс жасауын шектеуді көздейтін жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар күшіне енді.
Қазіргі уақытта Агенттік Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакеті бойынша белсенді жұмыс жасауда. Жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою, шенеуніктер үшін шетелдік шоттарға тыйым салу және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін санкцияларды қатаңдату осы жылдың соңына дейін заңды түрде іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, заңсыз баю үшін жауапкершілік, кәсіби сатылмаушылықты тексеру, қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау сынды маңызды бастамаларды енгізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы теңдессіз трансформациядан өтіп, халықаралық стандарттарға барынша жақындай түсуде.
Агенттік ауқымды алдын алу-алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Ол сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі жоюға және азаматтық қоғам институттарымен сындарлы әріптестікке негізделген.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі «Адалдық алаңы» жалпыұлттық жобасының арқасында мемлекеттік органдарды барынша ашық, айқын болуға және есеп беруге трансформациялау жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің 68%-ы қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшті. 93%-ды құрайтын ауыл әкімдіктерінде connection-нүктелері мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған.
Тұрмыстық жемқорлық азаматтарды қабылдау жағдайларына тікелей байланысты. Шенеуніктер есігінің алдында отырып, кабинетке кіруді армандағаннан гөрі, ыңғайлы фронт-кеңседе өз қабылдауыңызды күту және мемлекеттік қызметшілердің open-space кеңістігінде қалай жұмыс істейтінін көру мүлде басқаша әсер береді. Бұл нағыз қызметтің көрінісі болса керек.
Агенттік басымдық беретін бағытының бірі – бюджеттердің жаппай ашықтығы. Интерактивті картаның арқасында еліміздің 18 мыңға дерлік мемлекеттік мекемесі 11 трлн теңгеге өз бюджеттерін ашты.
Бұл жерде бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Азаматтардың қызығушылық танытуы, сондай-ақ бастысы олардың мониторинг жасаудағы біліктілігі өте маңызды.
Сондықтан, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған «Ашық бюджет» жобасы іске қосылды.
Коронавирус пандемиясының Агенттік қызметіне де елеулі түзетулер енгізгені құпия емес.
Агенттік сыртқы өзгерістерге тез бейімделіп, қашықтықтан мониторинг жүргізу және талдау тетіктерін қолдана отырып, алдын алу жұмысының толық әлеуетін ашу арқылы бизнес-үдерістерді сапалы түрде қайта қарады.
Енжарлық танытпайтын қоғам белсенділерінің қолдауымен дәріханаларға, медициналық қоймаларға, медициналық препараттар мен бұйымдарды алып-сатуға тиімді азаматтық бақылау қамтамасыз етілді және бүгінге дейін жүзеге асырылып келеді. Гуманитарлық көмекті жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Жалпы, қоғам белсенділерінің мемлекеттік органдарға берген 1300 ұсынымының 90%-дан астамын орындауына қол жеткізілді.
COVID-19-дың екінші толқынының қарсаңында дәрі-дәрмектің қосымша қорын қалыптастыру мен бөлуге қоғамдық бақылау арттырылды.
Пандемия кезінде 170-тен астам жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 800 ұсыныс берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 80 талдау жүргізіліп, ол бойынша 1 100-ден астам ұсыным орындалды, 60 нормативтік-құқықтық актіге түзетулер енгізілді.
СҚ-Фармация мен «Болашақ» ХБО қызметін талдау нәтижелері – бұл жұмыстың ең жарқын үлгісі болып саналады.
Тек осы екі ұйымдағы жемқорлық тәуекелдерін жою елдің 1,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүміндік берді.
Агенттіктің автокөлік жолдарының сапасын қамтамасыз етуге бағытталған «Сапалы жол» жобасы жөндеу сметаларына салынған 13,8 млрд теңгені үнемдеді.
Әкімдіктермен бірлескен мониторинг аясында оқушыларды қашықтықтан оқытуға компьютерлер сатып алуда 3,6 млрд теңге үнемделді.
Мемлекеттік сатып алуға жүргізілген кешенді мониторинг биылғы 9 айда 13,5 млрд теңгені, тек қыркүйек айында – 6 млрд теңгені тиімсіз пайдаланудың жолын кесті.
Осылайша, талдау превенциясының нәтижесінде 32,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. Мұның бәрі кабинеттен шықпай, қылмыстық-құқықтық құралдарды қолданбай іске асырылды.
Агенттік қазіргі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне талдау жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша әкімшілік шығындарды оңтайландыру және жүйелі жемқорлық тәуекелдерін жою күтілуде.
Өткен 9 айдағы жұмыс қашықтықтан жүргізілсе де, керісінше жемқорлыққа қарсы онлайн-ағартуды дамытуға серпін берді.
Ақпараттық-ағарту штабтары, жобалық кеңселер әлеуметтік желілерде күн сайын «AntikorLive» және «Adal kómek» жобалары арқылы 4,5 млн қаралымды қамтамасыз етті.
Антикордың жедел-тергеу жұмысы бойынша есептік кезеңде 2140 қылмыс тіркелді. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары 15%-ға артты, жүйелі жемқорлықтың 102, бизнес істеріне заңсыз араласудың 154 фактісінің жолы кесілді.
Өтелген залал сомасы өткен жылдардың жылдық көрсеткіштерінен біршама асып, 39,5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл басты басымдық.
9 айда жемқорлық үшін республикалық деңгейдегі – 34, облыстық – 72, қалалық және аудандық деңгейдегі – 89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Дағдарысқа қарсы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауға ерекше назар аударылуда. Агенттік экономиканы қалпына келтіруге ондаған миллиард бюджет қаражаты игерілетін «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасын» іске асыруды жіті қадағалауда. Қазіргі таңда 5 өңірде (Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстары) қылмыстар анықталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметінде цифрландырудың рөлі артып келеді.
Агенттіктің алдын алу бағыты it-құралдар есебінен бұрыннан жұмыс істеп келеді. Тергеу бөлімшелері де электрондық форматта белсенді жұмыс жүргізуде. Өндірістегі электрондық қылмыстық істердің жартысы жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу тәртібінде сотқа жолданған.
«Цифрлық Антикор» жобасы аясында басқа да қызметтер цифрлық жолға көшеді. Атап айтқанда, ведомстволық статистика мен кадрлық есепті қалыптастыру автоматтандырылады. Жасанды интеллектті қолдана отырып, талдамалық барлаудың заманауи технологияларын енгізу мүмкіндіктері пысықталуда.
[xfvalue_img]