ШҚО-да «Ашық бюджет» жобасының іске асырылу барысы туралы

ШҚО-да «Ашық бюджет» жобасының іске асырылу барысы туралы

 

«ANTIKOR» жобасы аясында ШҚО жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Нәбиев ШҚО-да «Ашық бюджет» жобасының іске асырылу барысы туралы тікелей эфир өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау барысына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Осылайша, азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде қоғамдық бақылау институтын енгізу міндеті айқындалды.

Осыған байланысты, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығымен, Нидерланды Корольдігінің Елшілігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп, бұдан бұрын іске қосылған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде «Ашық бюджет» жобасы басталды.

Жобаның миссиясы бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға азаматтардың хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруда азаматтық қоғамға қатысуға, сондай-ақ өз қаржыларын сауатты бөлуге жәрдемдесу болып табылады.

Сонымен қатар, бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг ұйымдастыру үшін ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  және «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мониторинг жұмыстарын жүргізу үстінде.

Казіргі таңда Агенттіктің тапсырмасымен өңірлерде қоғам белсенділері тарапынан мониторлар жасақталып жатыр.

 «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (Publicbudget.kz) - бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуын жариялауға, сондай-ақ азаматтардан өтініштер қабылдауға және өңдеуге арналған алаң болғандықтан қоғам мүшелерімен қадағалануы тиіс.

«Бүгінгі күні Департаменттің бастамасымен облыстық қаржы басқармасы барлық мемлекеттік органдарда интерактивті картамен жұмыс істеуге және «Ашық бюджет» жобасына жауапты тұлғаларды тағайындады.

Картада көрсетілген ақпаратқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдар және оларға бағынысты ұйымдардың барлығы интерактивті карта жүйесінің деректер базасында тіркелген.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысының ашық бюджеттерінің интерактивті картасына 811,4 млрд.теңге сомасына 3630 бюджет жарияланды. Бюджетін жариялаған ұйымдардың саны - 1596.

Аталған жобаны бұдан әрі жетілдіру, Картамен әрі қарай жұмыстың орындалуын бақылау жүргізу бүгінгі күні Департаменттің қадағалауында» - деп атап өтті Р.Набиев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.