Семейде мәдениет саласының мемлекеттік қызметкерлері   «Адал көмек» жобасы аясында заң нормаларын түсіндіруде

Семейде мәдениет саласының мемлекеттік қызметкерлері «Адал көмек» жобасы аясында заң нормаларын түсіндіруде

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен аймақта халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы шеңберінде Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары онлайн форматта халыққа құқықтық көмек көрсетуде.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру үшін ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында дұрыс бағыт-бағдар беру.

Мәселен, атаулы бөлім қызметкерлері Байжуманова Әйгерім және Байсұлтанова Жадыра «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидалары», «Елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерін атау және қайта атау (ономастика) мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түсініктеме беру» тақырыптарында заң нормаларына түсініктеме берді.

Тікелей эфир барысында бөлім маманы Жадыра Күзенбайқызы, монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату осы заңның жалпы ережелеріне сәйкес жаңа аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру мақсатында жүзеге асырылады. Айта кетсек Семей өңірінде мемлекеттік тізімге енгізілген 66 ескерткіш бар, оның 10-ы республикалық маңызы бар, 56-сы жергілікті маңызы бар ескерткіштер.  Адал көмек жобасы аясында құрылысты орнату жөніндегі ұсыныстар комиссиямен мақұлданған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға қандай құжаттарды жолдайтынын, комисся шешімі қалай қабылданатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйгерім Нуроллақызы тікелей эфирде елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерін атау және қайта атау заң нормаларына сай елді мекенге, яки көшеге ат беруде халықтың пікірін ескерудің тәртібі енгізілген.- дейді. Атап айтқанда, Заң бойынша облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар аудан орталықтарындағы көше тағы да басқа нысандарға атау беру Республикалық ономастикалық комиссиясының шешімі негізінде ғана жүзеге асырылады. Ономастика жұмысының критерийлері мен тәртібіне түсініктеме берумен қатар, бүгінгі күні Семей қаласында идеологиялық тұрғыдан ескірген 1 елді мекен, 100 жуық көше атауы қайта аталып, 20-дан астам нысандарға елімізге белгілі қоғам қайраткерлерінің есімі берілгенін атап өтті.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.