ҚАЖ қызметкерлері Тыл ардагерін құттықтады
Ерліктің үлкен-кішісі болмайды.Ұлы Отан соғысы жылдары Ер_азаматтар соғыс алаңында отан үшін от кешсе, олардың амандығын тілеген ел жұрты ,Тылда аянбай еңбек етіп,Ерлік үлгісінің сан қырын таныта білді.
Міне,сондай жандардың бірі Тыл ардагері,Елекева Ануза апайымыздың бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көріп,мерекесімен құттықтап қайтқан ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері,еңбекқор жанның өнегелі өмірін үлгі тоқпақ.
Мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Оспанов Дінмұхамед Рүстемұлының ұйымдастыруымен және мекеме қызметкерлерінің қолдауымен болған бұл іс-шараға арнайы телеарнадан журналистер де шақырылды.
Журналистерге берген сұхбатында,Ануза апай ,осы бақытты өміріне тек адал еңбекпен жеткендігін айтып,сұрапыл соғыс жылдарындағы тартқан тауқыметі жайлы толғана сыр шертті.Соғыс басталғанда он жеті жаста болған қара қыз Тыл еңбегінің ауыр жүгін арқаласа да,ұрпағының бүгінгі бақытты сәті үшін көрген мехнатына еш өкінбейтіндігін айтты.
Ия, Бір ғасырға жуық өмір сүрген қарт ананың өнегелі ғұмырын көріп,ғибратты әңгімесін тыңдап, ақ батасын алған ҚАЖ қызметкерлері бұл кездесуден рухани азық алып қайтты деп ойлаймыз.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
1 пікір