АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘКІМДЕР ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТТІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘКІМДЕР ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТТІ

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасы бойынша аймақтың барлық аудан және қала әкімдіктерінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін мемлекеттік мекеме басшыларының жауапкершілігі мәселесі бойынша онлайн-кеңестер өткізілді.

Айта кету керек, бұдан бұрын Ақмола өңірінің басшысы Ермек Маржықпаев облыс әкімдігінің отырысында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігі туралы ескертті.

Өз кезегінде, аудан әкімдері селекторлық режімде, сондай-ақ әлеуметтік желілер, басқа да қосымшалар мен мессенджерлер арқылы жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшыларына бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшыларының жеке жауапкершілігін және басшылардың ұжымда алдын алу шараларды жүйелі түрде орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілігі туралы заңнамалық нормаларды түсіндірді.

Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер олардың тікелей қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға кетуге қажеттігі белгілі. Бірінші басшы оның тікелей қарамағындағы тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күнтізбелік  күн ішінде отставкаға кетуге міндет.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша басшылардың өздерінің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік нормасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2019 жылғы 26 қарашадағы Заңына енгізілген.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.