Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберіндегі жұмысы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберіндегі жұмысы туралы

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту жағдайында Мемлекет басшысымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша міндеттер қойылды.

Бұл тұрғыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын арттыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізуде. Біздің жұмысымызда біз азаматтық қоғам институттарымен, белсенді адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз:

- «Адалдық алаңы» жобасына 75 мың еріктілер қатысады;

- Арнайы мониторингтік топтар 3 мың сарапшы мен қоғам белсенділерді біріктіреді;

- Ақпараттық-ағартушылық штабының жұмысына 300 беделді қоғам қайраткері қосылды. 

Бұрын айтылғандай, ведомстваны қайта құру кезінде жаңа құрылымда агенттіктің осы бағыттағы қызметін қамтамасыз ететін бөлімшелер көзделген болатын.

Осындай жаңа бөлімшелердің бірі қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимылды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Серіктестік департаменті болып табылады.

Біз жұртшылықпен жұмыс істеу бойынша тұрақты жұмыс істейтін алаңдарды тиімді пайдалану бойынша, оның ішінде халықты қызықтыратын мәселелерді алдын ала жинау, кері байланыс және азаматтардың сұрақтарына жауап орналастыру, Агенттік жүргізіп жатқан жұмыс туралы халықты ақпараттандыру үшін Интернет-ресурстардың әлеуетін кеңінен пайдалану арқылы шаралар қабылдаймыз.

Мысалы, Серіктестік департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) және бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарындағы пікірлерге ден қою бойынша жұмыс жүргізуде, яғни Агенттік қызметкерлері тұрақты негізде өз құзыреті шеңберінде пікірлерді сапалы және уақтылы қарастырып, оларға жауап береді.

Көбінесе бұл түсіндіру сипатындағы ақпарат. Осылайша, бұл жұмыс тетігі іске қосылған сәттен бастап интернет-пайдаланушылардың 1000 астам пікірі қарастырылды. 

2019 жылы қыркүйекте Агенттік Төрағасының азаматтарды қабылдау кестесі апта сайынғы негізге, ал орынбасарлары, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі күн сайынғы негізге өзгертілді.

Осылайша, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте
1 700-ге жуық қабылдау өткізілді, 2 мың мәселе бойынша 2,5 мыңнан астам азамат қабылданды.

«Egov.kz» Порталында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен орналастырылған азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығы күн сайын, ал бірінші басшысы апта сайын қабылдайтын жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Мысалы, былтырғы қыркүйек айынан ағымдағы уақытқа дейін Агенттік төрағасымен 22 жеке қабылдау өткізіліп, 128 азамат қабылданған. 

Сонымен қатар, Агенттік еліміздің 13 облысында «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталықтарын ашты. Онда азаматтар тегін құқықтық көмек пен кеңестер алады. Азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдауға, сондай-ақ, қоғаммен сындарлы диалог орнатуға жағдайға жасалған. «ANTIKOR ORTALYǴY» сервтистік орталықтары ашылған сәттен бастап (2019 жылдың қарашасы) оның алаңында 600-ден аса шара өткізіліп, аумақтық департаменттердің басшылығы 850-ге жуық азамат қабылдады.

Агенттіктің қолдауымен еліміздің елді-мекендерінде «Халық заңгері» акциясы тұрақты өткізіледі. Онда азаматтар білікті заңгерлер мен сарапшылардан тегін құқықтық кеңестер алады. 2019 жылы бұл акция 176 елді-мекенде өткізіліп, оған 2 500-ге жуық заңгер мен сарапшы қатысты, 18 мыңнан астам адамға кеңестер берілді.

«Волонтерлер жылы» аясында «Adal kómek» жобасы жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық өңірінде апта сайын әр сенбіде сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталықтары мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің базасында кеңестер беріледі.

Оған Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері, заңгерлер мен адвокаттар волонтер ретінде қатысуда.

Республика бойынша екі сенбіде барлығы 203 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Талдауға сәйкес азаматтар негізінен:

- баланы балабақшаға орналастыру;

- үйді бұзуға өтемақы төлеу;

- алимент төлеу және рәсімдеу;

- тұрғын үй және жер қатынастары және т.б мәселелер бойынша сұрақ қойған. 

Агенттік Электрондық үкіметтің «Ашық диалог» порталында азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша ай сайын онлайн режимде интернет-конференция өткізеді. Серіктестік департаменті әлеуметтік желілер арқылы халыққа интернет-конференцияның өтетін күні мен уақыты туралы дер кезінде хабарлап, оған қалай қатысуға болатындығы туралы нақты түсініктемелер береді.

Интернет-конференция барысында азаматтардан бюрократиялық кедергілер мен жалпы сыбайлас жемқорлықты жоюмен байланысты сұрақтар түседі. Сонымен қоса, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе жемқорлықпен күресте басқаша жолмен жәрдемдескен адамдарға берілетін сыйақы көлемі мен тетіктері беру қызықтырады. Барлық түскен сұрақтар мұқият зерделеніп, оған толық түсініктеме беріледі. 

Instagram, YouTube-та, Агенттіктің қызметіне қатысты барлық жаңалықтар жарияланатын «ANTIKOR News» Telegram-арнасында жұмыстар жүргізілуде. «ANTIKOR News» біздің жұмыстағы жаңашылдықтың бірі, оны барлық БАҚ өкілдері жақсы қабылдап, Агенттіктің ақпарат беру жүйесін біршама жеңілдеткені туралы оң пікірлер білдірді.

Түрлі телеарналар мен ақпараттық агенттік басшыларының, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің «ANTIKOR News» Telegram-арнасына жазылуын арнаның маңыздылығы артқаны деп қабылдаймыз. Арнадағы жаңалықтарды қараудың жалпы саны бір аптада 8,5 мың көрсетілімді құрайды. 

Жалпы, азаматтармен жан-жақты, өзара әрекеттесу бойынша сапалы жұмыстың тетіктерін қалыптастыруда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басымдығының бірі. Себебі біз өз құзіретіміздің аясында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барынша күш салып, мәселені жедел және жан-жақты қарау қағидасын ұстнамыз. 

Сөзімді қорытындылай келе, Агенттік апта сайын баспасөз брифингтерін өткізіп, өз қызметіміз туралы ауқымды ақпарат беретін әзірге жалғыз мемлекеттік орган екенін атап өткім келеді.

Қайта құрылған сәттен бастап Агенттік пен оның аумақтық департаменттері 170-тен аса брифинг өткізіп, онда Агенттіктің қызметіне қатысты 340-қа жуық тақырып талқылады.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының алаңында Агенттік бес баспасөз-конференциясына қатысты.

Баяндалғанды ескере отырып, Агенттіктің ең ашық мемлекеттік органдардың бірі екеніне көз жеткізуге болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.