ЕЛОРДАНЫҢ БАРЛЫҚ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІ АШЫҚ ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА
2018 жылы «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде тұрғындарға жаңа форматта қызмет көрсететін фронт-кеңсе ашылған болатын.
Мақсат - тұрғындарға «бір терезе» қағидаты арқылы бірнеше қызметтерді ұсыну және азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру.
Бүгінде осы бастама елорданың барлық ауданы әкімдіктерінде жалғасын тапты. Аудан әкімдіктері «open space» технологиясы қызмет алушымен жүргізілетін диалогты барынша ашық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органның мамандары азаматтардың мәселелерін шешу үшін жылдам әрі сапалы қызмет етеді.
Тұрғындар әкімдіктің ұсынатын қызметтерінен бөлек, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, жұмыспен қамту орталығы, қазпошта және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметтеріне қол жеткізе алды.
Аудан әкімдіктерінің фронт кеңселерінде азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда балаларға арналған ойын алаңы, күту залы, электронды кезек, кітап бұрышы және т.б. орналастырылған. Сонымен қатар жеке қабылдау бөлмесі бейне және аудиожазбамен жабдықталған. Аталған жаңашылдықтар - азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жұмыстар.
[xfvalue_img]