ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет облыстың денсаулық сақтау саласының басшылығымен кездесу өткізді.

Іс-шараға ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы И. Мұхамеджан және облыстың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері мен бухгалтерлері қатысты.

Кездесу облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының сөз сөйлеуінен басталып, онда ол сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі себептері туралы айтып, денсаулық сақтау саласындағы қылмыстар бойынша нақты мысалдар көрсетілген қылмыстық істердің статистикасын келтірді.

"2019 жылы Транспаренси Қазақстан жүргізген сыбайлас жемқорлық мониторингінің нәтижесі бойынша денсаулық сақтау мекемелері сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында осы салада 15 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы тіркеліп, 8 адам сотталды.

Мысал ретінде Шемонаиха ауруханасының бас бухгалтері Десюповаға қатысты қылмыстық істі атап өтті. Ол 2 жыл ішінде бухгалтерлік құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 96 млн.теңгеден астам ақша ұрлаған (7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды).

Қазіргі таңда сотта Меновное ауылының ауруханасының бас бухгалтері Ореховаға қатысты қылмыстық іс қарау үстінде. Ол бюджеттік қаражаттын аса ірі көлемде, 85 млн. теңгені жымқырды деп айыпталуда"- деп атап өтті Ерлан Жалмағамбет.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың таралуына бас дәрігерлер мен бухгалтерлердің негізсіз кең қаржы-шаруашылық және өкімдік өкілеттіктері ықпал етеді.

Іс жүзінде бюджет қаражатын ұрлаумен байланысты барлық қылмыстар жалақыны есептеу, іссапар шығындарын төлеу, сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер мен жеткізілмеген тауарлық-материалдық құндылықтар үшін қаражатты есептен шығару кезінде жасалады.

Бұдан басқа, аталған кездесу барысында жоғарыда келтірілген бас бухгалтерлер Десюпова мен Ореховаға қатысты қылмыстық істер бойынша ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыныстар қаралды.

«Кездесуді қорытындылай келе, барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, сондай – ақ ұжымдардағы сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға шақырамын», - деді аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.