СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА ЖАСАҒАН АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫНЫҢ САРАЛАНҒАН ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
25 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы департаментінің басшысының орынбасары Жігер Байділдин облыстық «ALTAI» телеарнасының тікелей эфирінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама жасаған азаматтарға берілетін сыйақының сараланған жүйесі тақырыбында сұхбат берді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 32 қаулысымен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидаларына түзетулер қабылданды.
Ж. Байділдиннің айтуынша «Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен (2 651 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша-сыйақы сомасы қылмыстың санатына 30 АЕК-ке –тен 100 АЕК-ке дейін
(79 530-дан 265 100 теңге) құрайды. Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса (2 651 000 теңге) – сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ сыйақының сомасы 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) аспауы тиіс».
Спикер, сонымен қатар, ережелер жобасын әзірлеу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан өтінішті беру тетігін жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көтермелеуге ұсынылған материалдарды қарастырудың ішкі алгоритмін нақтылау бөлігінде жаңартулар ережелерге енгізілгенін айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.
«Хабарлаушыларды көтермелеудің ұқсас жүйесі бірқатар шет елдерде (Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Гонконг) табысты қолданылады. Елімізде қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни а. ж. 15 ақпаннынан бастап қолданысқа енгізілгенін», - хабарлады спикер.
[xfvalue_img]