Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
2019 жылдың 27 қыркүйек айында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотымен біріге отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» - атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел сот мамандарының, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің парасаттылық және превенция басқармасы офицерінің м.а. Р.Б.Куанышкалиевтің және Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, Орал гуманитарлық колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.
БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің парасаттылық және превенция басқармасы офицерінің м.а. Р.Б.Куанышкалиев «Жемқорлық індет және оның алдын-алу» жөнінде баяндама оқыды.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдар мен алдын алу, жастарды рухани-өнегелік тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көпшілікке тарату тетігін талқылады.
Сыбайлас жемқорлық заңды бұзушылық ретінде ғана емес, ол біздің еліміздің дамуына қауіп төндіретін қатер ретінде қабылдануы тиіс.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында департамент өкілі қатысушыларға бейне ролик көрсетті.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданарылық соты
[xfvalue_img]
12 пікір