Ақмола облысында 154 мың студенттер мен оқушылар парасаттылық сағатына қатысты

Ақмола облысында 154 мың студенттер мен оқушылар парасаттылық сағатына қатысты

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында Білім күні қарсаңында еліміздің барлық оқу орындарында тұңғыш рет жалпы республикалық «парасаттылық сағаты» өтті.

Іс-шарамен Ақмола облысының барлық оқу орындары қамтылған: олар 557 мектеп, 33 колледж, 4 жоғары оқу орны. Қатысушылардың жалпы саны 124 мың оқушы мен 30 мың студент болды.

Дәріскерлер ретінде мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының басшылары, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, облыстық және аудандық арнайы мониторинг топтардың өкілдері, аудан, қала әкімдері және олардың орынбасарлары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері шақырылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Көкшетау қаласының №2 орта мектеп-лицейінің оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, балаларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы баяндап, адал, әділ, мейірімді және сыпайы болуға шақырды. Кездесу қызықты әңгіме түрінде өтіп, онда балалар үйде, жұмыста болғанда, жолда жүргенде немесе кезекте тұрғанда өздерін қалай ұстау керектігін талқылады.

«Парасатты азамат болу - әрбір қазақстандықтың өмір сүру ісіне айналуы тиіс. Өз өзіне, өз еңбегіне және қоршаған ортаға адал және парасатты қарым-қатынаспен қарау - еліміздің жетістігінің басты факторы» - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин №1 Краснояр орта мектебіне барды. Оқушылармен әңгімелесу барысында адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне ерекше назар аударды.

Осындай кездесулер қаланың басқа оқу орындарында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетовтың, Ақмола облысы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабектің, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтың және оның орынбасары Ботақөз Дүйсенованың, Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіповтың қатысуымен өткізілді.

Қоғам қайраткерлері осынау үлкен іс-шарадан шет қалмады. Атап айтқанда, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова мен «Белый блоггер» ҚБ төрағасы Ерлаз Жайықбаев белсенді қатысты.

Айта кету керек, оқушылар мен студенттер арасында парасаттылықты қалыптастыру жұмыстары оқу жылының соңына дейін жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.