Жамбылдық полицейлермен кәмелетке толмағанды зорлау дерегі ізін суытпай ашылды - бұл туралы фейсбук парақшасында
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев хабарлады:
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жамбылдық полицейлермен ауыр қылмысты жасаған күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Жәбірленуші күдіктіні таныды. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
[xfvalue_img]