Әділет министрлігінде заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Әділет министрлігінде заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты,  ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылау мен олар бойынша ұсынымдар әзірлеу, заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізудің мәселелері жөнінде пікір алмасу.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, Әділет министрі Марат Бекетаев, Президент Әкімшілігінің, Парламенті палаталары аппараттарының, Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары мен өкілдері, сонымен бірге заң, филология білімі саласының  танымал ғалымдары қатысты.

Шараны Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы жүргізіп отырды.  

Әділет министрі Марат Бекетаев өзінің кіріспе сөзінде дөңгелек үстелдің заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу мәселесіне қатысты ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі күні
ҚР Парламентінің Сенатында өткізілген «Заң шығару процесін одан әрі жетілдіру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдаулар ұсынымдарын іске асырумен байланыстылығын және бұл ұлттық заңнаманы жетілдіруде нақты міндетке айналуы қажеттігі туралы атап өтті.  Министр мырза сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдарды осы дөңгелек үстелдің ұсынымдарын іске асыруға байланысты іс-шараларды уақтылы және сапалы өткізуге шақырды.

Осыған орай, іс-шара аясында талқыланған тақырып заң жобаларын  мемлекеттік тілде әзірлеуді қамтамасыз ету шараларын ойластыруға және нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізетін болады.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, Мәжіліс депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Асылбек Смағұлов заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеудің ерекшеліктеріне тоқталды.

ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.д., профессор Ербол Әбдірәсілов, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеудің ұйымдастырушылық, ғылыми сүйемелдеу, рәсімдік ерешеліктері мен нормативтік реттеу мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, ф.ғ.к. Құралай Айтмұхаметова заң жобасын мемлекеттік тілде әзірлеу мәселесінде тілдік нормаларды қолдануға, оның ішінде терминдерді жүйелеуге қатысты ойларын ортаға салды.

            «Серпін» білім және инновация ұлттық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы, ҚР Әділет министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуде  қоғамдық ұйымдар мен халықтың қатысуы мәселесін көтерді.

Сонымен қатар Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков өз сөзінде лингвистикалық сараптаманың маңыздылығын атап өтсе, Лингвистика орталығының басшысы Нұрзада Примашев іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін заң жобаларын әзірлеуде қолдану бойынша сөз сөйледі.

Жарыссөзде ұлттық заңнаманың қазіргі кездегі жай-күйінің мәселелері мен заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша атқарылатын істер талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары негізінде заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша ұсынымдар қабылданды. Сондай-ақ ұсынымдар іс-шараға қатысушылардың ұсынымдарымен толықтырылып пысықталғаннан кейін, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетінің айта кету керек.

 

 ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.