Алик Шпекбаев: «Мемлекеттік органдарды кешенді оңтайландыру – кадрлардың жалақысын арттыруды қамтамасыз етеді»

Алик Шпекбаев: «Мемлекеттік органдарды кешенді оңтайландыру – кадрлардың жалақысын арттыруды қамтамасыз етеді»

Азаматтар өмірінің сапасы мен табысын арттырудың басты факторларының бірі кәсіби, тиімді, ең бастысы сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады.

Өз кезегінде, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшпеген мемлекеттік органдарда атқарушылық қызметтегі 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілердің қазіргі уақыттағы жалақысы – ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев алқа отырысында атап өткендей: «Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындылығын арттыру бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарға, кешенді алдын алу және жазалау шаралары қарамастан, мемлекеттік қызметшілер жалақысының қазіргі деңгейі сыбайлас жемқорлықты азайтуды айтарлықтай тежеуде».

Мысалы, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде (Сингапур, Гонконг, ЕО елдері) жалақы көлемін түбегейлі арттыру сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі шарты болып табылып, мемлекеттік аппаратқа жоғары білікті кадрлардың келуін қамтамасыз етті.

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда соңғы 5 жылда сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 75%-ы – жалақысы төмен орта және төменгі буындағы мемлекеттік қызметкерлер.

«Осы жерде, басшылар – ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар – мұқтаждықтан және ашық шарасыздықтан пара алады деген қоғамдық пікір әділ көрінеді», – деді А.Шпекбаев.

Бұл ретте, жалақыны арттыру бюджетке қосымша ауыртпалық түсірмеуі тиіс.

Ол үшін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын кешенді оңтайландыру қажет.

Қазақстанда бұл үшін құқықтық негіз қалыптасқан, атап өтсек, бірінші басшылар мемлекеттік органның штаттық саны мен ұйымдық құрылымын дербес анықтай алады, ал үнемделген қаражат жалақыны арттыру үшін олардың иелігінде қалады.

Бүгінде мемлекеттік органдарда бюджеттік үстемесіз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын кем дегенде нақты 2 есеге арттыруға мүмкіндік беретін резервтер бар.

«Атап айтқанда, экономикалық тергеу қызметі штаттық санын 40%-ға қысқартты, біз бұл деңгейді жыл соңына қарай 25%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек, 2018 жылы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының 30%-ы қысқартылса, 2020 жылы тағы 10%-ын қысқарту күтілуде», – деді А. Шпекбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарды оңтайландыру бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуде де оң әсер етеді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.