Елордалық учаскелік инспектор азаматқа туыстарын табуға көмектесті
Құр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын аралау барысында қаңғыбастықпен айналысқан 35 жасар азаматты тексерген. Профилактикалық әңгіме барысында үй-күйі жоқ азамат полиция қызметкеріне осы қалада қарындасы бар екендігін, алайда оның мекен-жайын білмейтіндігін айтқан. Учаскелік инспектордың жедел іс-әрекетінің арқасында азамат қарындасымен қауышты.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың қазан айының 6-7 жұлдызында белгілі тұрғылықты жері жоқ, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, аталған санаттағы адамдар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында «Қаңғыбас» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді.
Тәртіп сақшылары тұрақты мекен-жайы жоқ 5 адамды туысқандарына тапсырды.
93 адам медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына, 290-нан астам адам Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді, онда орталықтың мамандары әлеуметтік, медициналық және заңгерлік көмек көрсетеді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]