Ақмола облысының сауда орталықтарында ет өнімдерін сату бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды

Ақмола облысының сауда орталықтарында ет өнімдерін сату бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды

 

Ақмола облысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелері «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп Көкшетау қаласының сауда орталықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыруда санитарлық нормалардың ұстанылуына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында жұмыс тобының мүшелері тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бірнеше мәрте бұзылғандығын анықтады. Мысалға, сауда орталықтарындағы ет сақтауға арналған мұздатқыш камералар қажеттілік туған кезде жуылмайды. Сиыр етін сақтау үшін осындай камералардың ішінде қорғаныс қақпақшалары жоқ шамдар қолданылады. Бұл ет өнімдеріне әйнек сияқты қауіпті қалдықтардың түсуінен қорғамайды. Сонымен қатар, температура өлшеу үшін қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларының жоқтығы анықталды. Етті сатылымға шығаруға қажетті сөрелер немесе витриналар да жоқ екен.

Мұздатылған етті сату шарттары сақталмайды. Етті түпқоймасыз, жерде сақтайтын жағдайлар да анықталды. Ет шабатын бөлмеде қол жууға арналған шұңғылшалар орнатылмаған.

Ет тасымалдау қызметіне қатысты да көптеген ескертулер жасалды. Арнайы транспорттық құрал болмағандықтан ет жеңіл автокөлікпен тасымалданады. Көліктің ішкі жоғарғы қабаты тазаланбайтын, жуылмайтын және зарарсыздандырылмайтын, азық өнімдерін ластанудан, жануарлардың, кеміргіштер мен құрт-құмырсқалардың кіруінен сақтамайтын материалдан жасалған. 

Сонымен қатар жұмысшылардың алжапқыштан басқа арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмейтіні анықталды. Жеке және арнайы киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін бөлме қарастырылмаған.

Өткізілген мониторинг қорытындысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелері сауда орталықтарының иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жиналыс өткізіп, осындай заң бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу мәселесін талқылау жоспарланып отыр.

 

Ақмола облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың ақпараты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.