Шымкент қаласындағы университетте жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижелері белгілі болды

Шымкент қаласындағы университетте жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижелері белгілі болды

 

2019 жылғы 5-15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-і сақталмағандығы анықталып отыр.

Жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының талаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерінің талаптары сақталмаған; жоғары оқу орындарының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактілері анықталған.

Сондай-ақ, оқуға қабылдау тәртібін, білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін, академиялық демалыс беру тәртібін сақтамау фактілері әшкереленіп отыр.

Сабаққа қатыспаған бірқатар студенттердің сынақ-емтихан сессиясына қатысу фактілері тағы бар. Бұл ретте, аталған студенттер университетке ақша төлей отырып, сессияға жіберілген. Ведомость қағаздарында студенттің бағасы көрсетілмеген, алайда оқытушының қолы қойылған бос бағандар бар.

Тіпті басқа аймақтарда тұрып жатқан және басқа ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын адамдардың университеттің штаттық қызметкерлері болып қызмет етіп жүру фактілері анықталып отыр.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігіне университет түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі туралы жалған мәліметтер беріліп отырған. Мысалы, 2018 жылы жұмысқа орналасу деңгейі нақты 34,4 пайызды құрағанымен, университет тарапынан келген ресми есептерде 71,3 пайыз болып көрсетілген.

Білім беру саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша Министрлік университетке қатысты 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады: жоғары оқу орындары қызметінің үлгілік ережелерін бұзғаны үшін, мемлекеттік білім беру стандартын сақтамағаны үшін және лицензиялық талаптарға сәйкес келмегені үшін. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Ендігі кезекте әкімшілік өндіріс материалдары осы жылдың 23 тамызында қаралатын болады. ӘҚБтК-нің осы баптарының санкциялары әкімшілік айыппұл салуды, сондай-ақ лицензияның қолданылуын 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатуды көздейді.

Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.