Парасатты мемлекеттік қызметшілерді қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі

Парасатты мемлекеттік қызметшілерді қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі

Мемлекеттік қызметшілердің іссапар барысындағы жемқорлыққа қарсы шектеулерді ұстануын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілдерімен семинар ұйымдастырды.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтарға жеке консультациялық көмек көрсету, мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша бірқатар әдеп жөніндегі уәкілдердің тиімді жұмыс нәтижелері көрсетілді.

Сонымен қатар аудандарға іссапарға шығатын мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы мәселесін бақылауға алудың маңыздылығы аталды. Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Сұлтанғазиевтің айтуынша, іссапар төлемдерін іссапардан келген соң ғана төлеу фактілері анықталды. Осыған орай іссапарда жүрген кезде қызметтік жағдайын пайдалана отырып тамақтану, тұрақтау және т.б. қандай да бір қызмет қабылдау тарапынан жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Департамент басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, әдеп жөніндегі уәкілдер алдағы уақытта орталық және облыстық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің аудандарға іссапарға баруы жөнінде Департаментке хабарлауы тиіс.

«Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілердің парасаттылығын, адалдығын, жауапкершілігін тәрбиелейтін өзгерістер көшбасшысына айналуы тиіс. Әдепті адам ешқашан жаман әрекетке бармайды. Осыған орай әдеп уәкілдерінің жұмысын күшейтуді ұсынамыз» - деп Берген Беспалинов атап өтті.

Азаматтардың өтініштерін шұғыл әрі сапалы қарау мәселесіне Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Даниярбек Нұрсейітов тоқталып өтті. Өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды ресмишілдіктен арылуға, азаматтардың мәселелерін қысқа мерзімде шешуге тырысуға шақырды.

Сандықтау ауданының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Игорь Сафрыгин мемлекеттік қызметшілермен мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша бұндай шаралар жұмыстың тиімділігін арттырып, күйзеліс жағдайларының алдын алуға көмектеседі.

Осындай іс-шаралардың тиімділігі жөнінде Ақмола облысының қазынашылық департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Еркін Жахин де айтып өтті. Департаменттің және аудандық басқармалардың қызметшілері сакральды орындарға, тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне экскурсия жасап тұрады.

Оған қоса мемлекеттік қызметшілерді шамадан тыс уақыт жұмыс істеуге тарту бойынша күн сайын мониторинг жүргізіледі. Департаментте икемді жұмыс кестесі енгізіліп, сегіз сағаттық жұмыс күні аяқталғанда автоматты түрде компьютерлерді өшіру жүйесі енгізілді.

 

МҚІСЖҚА Ақмола облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.