Браконьерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда
Жамбылдық полицейлер, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде.
Ағымдағы жылдың бес айында Тараз қаласының ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобы заңсыз немесе тыйым салынған жерлерде балық аулаумен, балық және балық өнімдерін заңсыз сату және тасымалдаумен байланысты 28 құқық бұзушылық дерегін анықтады.
Тыйым салынғанына қарамастан, Талас өзенінде жүйелі рейдтік іс-шаралар барысында 22 құқық бұзушы ұсталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 404 000 теңге айыппұл салынды.
Аталған кезеңде Тараз қаласының сауда орындарында заңсыз балық сату мен тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде заңсыз балық тасымалдаумен және сатумен айналысатын 6 адам анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Олардан заңсыз сатуға тасымалданатын 194 келі балық тәркіленді, іс сотқа қарау үшін жіберілді.
Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына белгілі бір мерзімнен бастап Талас өзеніндегі балықтарды аулауға тыйым салынатынын еске саламыз. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]