Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері автомашиналарды сатумен байланысты бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады.
Тергеп-тексеру барысында ер адам қымбат автомашиналарды жалға алғаны, әрі қарай нарықтағы бағадан төмен бағаға машина сатып алғысы келетін азаматтардың сеніміне кіре отырып сатқаны анықталды.
Осылайша, ол «Lexus» , «Toyota Camry» маркалы автокөліктерді сатып үлгерген және Қостанай қаласында да «Nissan Qashqai» автокөлігін сатқан.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оның Республика аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.
Автокөлік сатып алу кезінде алаяқтың құрбаны болмау үшін абай болыңыздар!
Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]