Әкімшілік тәжірибе туралы

Әкімшілік тәжірибе туралы

 

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Мадина Наурызбек әкімшілік тәжірибе туралы ақпарат берді. 2019 жылдың 1 тоқсанында Агентттік және оның аумақтық бөлімшелерімен  мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында 78 әкімшілік іс қозғалды (2018 жылдың 1 тоқсаны -77), оның ішінде 99 баптың 1-бөлігі бойынша – 38, 2-бөлігі - 1,  274 -бап – 37, 173 бап – 1, 462 баптың 3 -бөлігі – 1. Оларды қарау нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 77 тұлға тартылды (1 іс қысқартылды). 2019  жылдың 1  сәуірі күнге әкімшілік жазалар бойынша   тоқсаны бойынша бюджетке  2 525 000 теңге келіп түсті. Тұтас алғанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік жазалар бойынша бюджетке 15 456 760 теңге түсті (2017ж – 10 млн тенге). Әкімшілік істер қозғау бойынша біршама белсенділік пен оң динамиканы атап көрсету қажет. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы қозғалған әкімшілік істер саны 2,5 есеге артқан (2017 жылы - 179 іс). Мысалы, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін (ӘҚБтК 99 бабының 1-бөлігі) айыппұл түріндегі (15 АЕК) әкімшілік жауапкершілікке Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының конкурстық комиссия мүшелері (5 адам) тартылды. Адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босатқаны (ӘҚБтК 99 бабының 2-бөлігі) үшін  Жамбыл облысы Т. Рұсқылов ауданы Ақыртөбе ауылдық округінің әкіміне 36 075 теңге айыппұл салу арқылы әкімшілік жаза қолданылды. Осыған ұқсас, Алматы қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы ӘҚБтК 99 бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі бойынша Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің орынбасары  ӘҚБтК 173 бабы (Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы) бойынша айыппұл түріндегі (100 АЕК) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іспеттес, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына айыппұл түріндегі (50 АЕК) әкімшілік жаза қолданылды. Бұдан басқа, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға қатысқаны үшін Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы  Степной ауылдық округінің әкімі ӘҚБтК 154 бабы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы)  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 336 700 теңге көлемінде айыппұл салынды. Агенттікпен қабылданып жатырған шаралар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерінің толығымен жүзеге асырылуына, қызметшілердің бойында адалдық және әдептілік қасиеттерін дәріптеуге бағытталған.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив