Елордалық полиция қызметкерлері 22 жыл өтіп кеткен кісі өлімін ашты.
Өткен жылдардағы қылмыстық істердің бірін зерделеу барысында полиция қызметкерлері жаңа фактілерді анықтау бойынша көп жұмыс атқарды, нәтижесінде күдіктілердің соңына түсуге және 20 жыл бұрын жасалған қылмысты ашуға көмектесті.
Қылмыстық іс материалынан 1997 жылдың наурызында жеке үйде зорлық-зомбылық белгілері бар егде әйелдің мәйіті табылған. Кісі өлімінен бөлек әйелдің үйінен бағалы заттар жоғалған. Полиция қызметкерлері бүгінгі таңда кеңінен қолданып жүрген жаңа технологияларды және техникалық құралдарды қолдану арқылы қылмыстық істі ашты.
22 жыл өткен соң Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық істі қайта қарау кезінде аталған оқиғаның қатысушыларының біріне шықты. Ол ұрлық және есірткі заттарын таратқаны үшін бірнеше рет сотталған 1971 ж.т. аз-ша. А. болып шықты, қылмыс жасалған кезде 26 жаста болған.
Әйелдің жүрген жері анықталды. 20 жылдан астам уақыт елордада тұрып келген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аз-ша. А. шың көңілден мойындайтыны туралы өтініш келіп түсті, онда ол кісі өлімін жасады деп бірнеше рет сотталған өзінің досы 1970 ж.т. аз. Н. көрсеткен. Қорқыту арқылы қылмыс туралы ешкімге айтпауға көндірген. Әйелдің мойындауымен баяндалған фактілерге сүйене отырып, полиция қызметкерлері аз.Н. есірткі заттарын қолданғанын және қайта-қайта ақшаға мұқтаж болғанын анықтады.
Тергеп-тексеру барысында күдіктінің кінәсы толықтай дәлелденді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]