Ашықтық, қолжетімділік және сапа – біздің басты ұстанымдарымыз
Бүгін Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалық етуімен барлық деңгейдегі әкімдердің «Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына қол жеткізудің негізгі ұстанымдары – ашықтық, қолжетімділік, сапа» тақырыбындағы жиналысы өтті.
Жиналыс барысында «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының міндеттері мен іске асырылуының барысы жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов баян етті.
«Ашықтық, қолжетімділік және сапа, ол біздің басты ұстанымдарымыз. Ал біздің міндетіміз – ол ең алдымен азаматтарымыздың әл ауқатын арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында маңызды міндеттердің бірі «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын жүзеге асыру екенін айтып өтті. Біздің облысымызда аталған жоба «Ақмола – адалдық алаңы» атауымен жүзеге асырылуда. Бұл жоба тұрмыстық жемқорлық деңгейін азайтуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтар үшін жайлы және бөгетсіз жағдайлар құруға және басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған» - деп Берген Беспалинов мәлімдеп өтті.
Елімізде «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы енгізілуде. Бұл карта халық үшін алғаш рет бюджеттік шығындар туралы маңызды мәліметтерді түсінікті әрі қолжетімді етіп, қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін құрды. Мысалға, Нұр-Сұлтан қаласында кез-келген тұрғын әлеуметтік нысандардың құрылысына, жөнделуіне және қамтамасыз етілуіне бөлінген қаражаттар туралы деректермен таныса алады.
Берген Беспалинов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесін де қозғап өтті. Бұл орайда «Цифрлық агент» бағдарламасы жұмыс жасауда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін қысқарту, сонымен қатар электронды қызметтердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
«Біз мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қандай сапада алғымыз келсе, дәл солай қызмет көрсетуіміз керек. Егер осы ұстанымды үнемі алға тартатын болсақ, халық тарапынан ешқандай да шағым болмайды, тек қана сенім мен құрмет болады» - деп есептейді Берген Беспалинов.
Бүгінгі таңда жемқорлық рухани құндылықтар дағдарысы жағдайында, материалдық игілік рухани игіліктен қымбат болған жағдайда туындайды, және осы себептен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының қызметінде жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысқа зор мән беріледі. Осы орайда облыста көптеген жұмыстар атқарылып, олардың ішінде адалдық дүкендері кеңінен ашылуда.
«Сатушысыз "Integrity Shop" адалдық дүкендері адамдардың жағымды моральдық қасиеттерін, ішкі тәрбиесі мен адалдығын тәрбиелеуге бағытталған. Бұл жобаға жоғары оқу орындары, мектептер, колледждер, мемлекеттік органдар қосылды. Бұл бастама тіпті полиция органдары мен сот корпусы арасында қолдауға ие болды» - дейді Берген Беспалинов.
«Ақмола – адалдық алаңы» жобасының кураторы, облыс әкімінің орынбасары Қанат Идрисов өз сөзінде жоба қызметінің тағы бір маңызды бағытын атап өтті. Ол – «Open Spase» технологиясын енгізу, мемлекеттік органдардың ғимараттарын оңтайландыру және басшылардың кабинеттерін халық үшін қолжетімді орындарға ауыстыру арқылы трансформациялау және бөгетсіз орта құру мәселесі.
«Бұл шаралар ашықтықты және халықтың сенімін арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда республикамызда ашық кеңістікке ауысқан мемлекеттік органдардың жақсы мысалдары баршылық» - дейді Қанат Идрисов.
[xfvalue_img]
13 пікір