Қазақстан Республикасының Омбудсмені Мәскеуде еуразиялық кеңістіктегі адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Мәскеуде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров «Еуразиялық кеңістіктегі адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердің үздік тәжірибелерімен алмасу» атты халықаралық конференцияға қатысты.
ТМД елдерінің омбудсмендері, бірқатар еуропалық және азиялық мемлекеттер, БҰҰ мен Еуропа кеңесін қоса алғанда, жетекші халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ РФ Президент Әкімшілігі мен Федералдық жиналысының депутаттары қатысқан Форум Еуразиялық аймақ елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің әлеуетін және ынтымақтастық бағыттарын нығайту мәселелерін қарастырды.
Күн тәртібінде орын алған пікір алмасу адам құқықтары тұрғысынан, бақылаусыз көші-қон, халықтың заңсыз айналымы, экстремизм мен кемсітушілік сияқты заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру арқылы өзекті болды.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Омбудсмені жүйелі саяси және экономикалық өзгерістердің, жоғарыда аталған мәселелерді шешуде қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды рөлін атап өтті.
Осыған байланысты конференцияға қатысушылар Қазақстандағы конституциялық реформаның мәні туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан еліміздің ірі ауқымды даму бағдарламалары туралы хабардар етілді.
Конференция қатысушылары ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, гендерлік теңдіктің және адам құқықтары саласындағы мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәжірибеге айтарлықтай қызығушылық танытты.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]