ҚР Омбудсмені еліміздің Премьер-министріне мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде үндеу салды

ҚР Омбудсмені еліміздің Премьер-министріне мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде үндеу салды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына өз ұсыныстарын бере отырып мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде үндеу салды.

         Омбудсмен Үкіметтің қазіргі уақытта 651 мың адамнан астам осы топтағы біздің отандастарымызды қоғамға бейімдеу мүмкіндіктерін кеңейту және жағдайлар жасау бойынша жүйелі және мақсатты жұмысын атап өтті. Белгілі болғандай, 2017 жылғы 16 мамырдағы Үкіметтің кезекті отырысында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының сақталуы, олардың қоғамға етене араласуы үшін жағдай жасау бойынша бірқатар мәселелер қаралды, оның қорытындысы бойынша тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

         Сондай-ақ, Омбудсмен кезек күттірмейтін шешімдер қабылдауды қажет ететін анағұрлым кең ауқымды проблемаларға назар аударды.

         Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан қоғамдық және көлік инфрақұрылымының нысандарын бейімдеу, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әуе көлігі қызметін пайдалануын қамтамасыз ету, оларды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мәселелері қозғалды.

         Омбудсмен қоғамдық ұйымдардың инфрақұрылымның нысандары, атап айтқанда, техникалық нормалар мен талаптарын бұза отырып жабдықталған пандустар туралы алаңдаушылығымен ортақтасты. Бұл мән-жайлар мүгедектігі бар адамдарға оларды тіпті бөгде адамдардың көмегімен қауіпсіз қолдануға мүмкіндік бермейді. Көптеген қоғамдық инфрақұрылымдар нысандары көру немесе есту бұзушылықтары бар адамдар үшін қолжетімсіз, себебі ғимараттар мен оларға деген кіру жолдары дыбыс, тактильді белгілері мен жолдармен жабдықталмаған, жарық индикаторлары жоқ.

         Мәселен, «Индустриальная Караганда» газетінің ақпаратына сәйкес, осы қалада шамамен 23 мың мүгедектігі бар адамдар аурухана, дүкендер, мемлекеттік мекемелерге сирек барады. Қалада 200-ден астам нысандар ішінара қолжетімді болып саналады, бұл ретте олардың тек бірнешесі тиісті құрылыс нормаларымен жабдықталып отыр. «Қазақ зағиптар қоғамының» Қарағанды облыстық филиалы бірнеше рет тактильді жолдардың, арнайы көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арналған кітапхана маңында дыбыстық бағдаршамның болмауына назар аударады. Аталмыш мәселені олар ұзақ уақыт бойы көтеріп келеді және осы күнге дейін шешімсіз қалуда.

         Осыған ұқсас жағдайқоғамдық ұйымдардың мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында байқалуда, мұнда пандустар тек биік өрлеуден ғана емес және ыңғайсыз қоршаулары бар, сондай-ақ, тайғақ кафельмен жабылған. Ақтау қаласында 30-дан астам мектеп жұмыс жасайды, алайда қажетті нормаларға сай келетін пандустармен тек қана 2 мектепте жабдықталған.

         Мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде халықты әлеуметтік қорғау қадағалау және бақылауға уәкілетті органның тартылуы қолданыстағы заңнамада көзделгенін назарға ала отырып, осы органның құрылыс нысандарына сәулет-құрылыстық бақылау жүргізуге  міндетті қатысуына, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің аталмыш үдеріке қатысуына құқығын беруіне бекіту ұсынылды.

         Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамдық көлік қызметтерін қолжетімсіз болуына байланысты, аялдаманың қол жетімсіздігінен, есту, көру қабілетінен айырылған адамдар үшін қажетті ақпараттың, көлік құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау болмауынан  туындап жатқан қиындықтарына назар аударылды.

         Омбудсмен пенитенциарлық мекемелердегі мүгедектігі бар адамдар үшін тиісті жағдайлар көзделгемегенін атап өтті. 2016 жылға ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу қорытындылары бойынша Шоғырландырылған баяндамада еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселелердің бар болуын көрсетті. Жекелеген жағдайларда мандатпен басқарылатын мекемелердегі қолданыстағы тәртібі мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін толық көлемде ескермейді.

         Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әуе көлігі қызметін пайдаланудағы мәселесі қозғалды. Атап айтқанда, 2016 жылы "BEK AIR" және "SCAT" әуекомпанияларына өзгертулер енгізілді, ішкі ережеге сәйкес, 1-топтағы мүгедектігі бар адамдар ілесіп жүретін адамы болмаған жағдайда, билеттерді сату жүргізілмейді.

         Екі әуекомпания бұл фактіні ұшақтан көтеру/түсіру (амбулифт) үшін арналған арнайы автоқұрылғы, егер ол жеңіне бекітілмесе төмен ұшақтарға сай келмейді деп түсіндіреді, осыған байланысты әуекомпаниялар ұшаққа дейін жолаушылар үшін жеткізу қызметтерін қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мүгедектігі бар жолаушыларды мұндай жағдайда тасымалдау трап бойынша арнайы жол арасындағы арбаға жүргізіледі. Сондай-ақ, әуежайларда арнайы сүйемелдеу қызметін көрсетуге дайын, бұл тәжірибе бұрын сонды болған.

         Осыған орай, Омбудсмен Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасының әуежай жолаушыларына қызмет көрсету ережесіне назар аударады, оларға сәйкес мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың арнайы тіркеу желі рәсімі біткен соң әуекомпания өкілі одан (оған) ерітіп  құжаттарымен бірге тікелей әуежай өкіліне тапсыру керек.

         Жиі мүмкіндгі шектеулі адамдардың тағы көтерген бір мәселесі әуекомпания талабының ол ұшар алдында денсаулығына байланысты зиян келтіру немесе өлім сияқты жағдайларға байланысты алдын ала декларацияға жеке тұлға тарапынан қол қойылу болып табылады.

         Сонымен қатар, әуе тасымалы кезінде жолаушының денсаулығына зиян шектіргені үшін заң үкімі тасымалдаушыны жауапқа тартады, еңсерілмейтін күштердің салдарынан болатын және жәбірленушінің қасақана ойын қоспағанда, осыған байланысты рейс жолаушыларының құқықтары бірдей екенін ескере отырып, тасымалдаушы әр жолаушының алдында бірдей жауапты.

Үндеуде көтерілген тағы бір өзекті мәселе мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек құқықтарын іске асыру болып табылады. Ағымдағы жағдайды талдау кезінде негізгі тежеуші фактор болып, осы топтағы адамдардың жұмыс орнына бейімделуі үшін жұмыс беруші тарапынан еңбек жағдайымен қамтамасыз етілмегендігі болып отыр.

         Жұмыс берушілер үшін де, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де даярлық пен оқытудың маңыздылығына Омбудсмен назарын аударды. АҚШ-тағы мүгедектігі бар адамдар үшін тағылымдама, Жапониядағы арнайы тренингтер ұйымдастыру сияқты мысалдар келтірілді. Мәселен, кәсіби орталықтардағы жаттықтырушылар кәсіпорындарға және мүгедектігі бар жұмыс іздеушілерге қолдау көрсетіп, мүгедектігі бар адамдарға жұмыс әдістерін үйретеді, болашақ мұғалімдер және әріптестер қолдауымен жұмыс орнында осындай қызметкерлерге ерекше қолдау көрсетеді. Әлеуметтік жауапкершілік аясында ірі компаниялар тағылымдық ісінің бастамашысы болатыны сирек жағдай емес.

         Сонымен қатар, үндеуде зағиптар мен саңыраулар қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған кәсіпорындарындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық атап көрсетілді. ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қызметкерлерінің осындай кәсіпорындарға жыл сайынғы мониторингтік іс-сапарлары тиісті шешімдерді талап ететін проблемадардың бар болуы туралы кәаландырады.

         Атап айтқанда, еңбек жағдайлары, ескі, бейімсіз құрал-жабдықтар, жылумен қамту жүйесінің болмауы, қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдайлар ерекше алаңдаушылықты тудыруда.

         Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өндірген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында осындай кәсіпорындарды,  мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуын қолдауды мемлекеттік емес сектордың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуымен жүзеге асыруға мүмкін болар еді.

         Омбудсмен үндеуінде инклюзивті бизнесті дамыту маңыздылығын, микрокредиттер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін несие жеңілдігін атап өтті. Әдетте, банктер, микрокредиттік ұйымдар, тұтынушылық несие, оның ішінде банктік қарыздарды беруден мүмкіндігі шектеулі жандардан бас тартады,олардың табыс көзі мүгедектік зейнетақы болып табылады.

         Сондай-ақ, Омбудсмен медициналық, қоғамдық, еңбек қызметі, алғашқы көмек және басқа да мәселелер бойынша мүгедектігі бар адамдарға кеңес беру тегін телефон желісінің қызмет етуі, мүгедектігі бар адамдардың нақты жағдайлары туралы жүйелі және тұрақты зерттеу практикасын жүргізу туралы ұсыныс жасады, бұл олардың қоғамға тиімді араласуының үлгісін айтарлықтай нақты  құруға мүмкіндігін береді.

 

Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 

Баспасөз қызметі аппараты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.