Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және әдеп жөніндегі уәкілдер мектебінің алғашқы оқыту семинары өтті
Көкшетау қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және әдеп жөніндегі уәкілдер мектебінің алғашқы оқыту семинары өтті. Іс-шараға мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордан 200-ден астам өкіл қатысты.
Семинардың мақсаты – әдеп институтын дамыту, комплаенс-қызметтердің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың заманауи тәсілдерін талқылау.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрқат Батырқұлов ашып, қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдер мен комплаенс-қызметтердің маңызды рөлін атап өтті.
Семинарда комплаенс саласының сарапшылары Ерасыл Жардемов пен Ерлаз Жайықбаев әдеп институтын дамыту, комплаенс жүйесін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды тиімді енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Баяндамалардан кейін ұйымдастырылған сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар нақты кейстерді талқылап, сарапшылардан кәсіби кеңес алды.
Мұндай оқыту алаңдары мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда ашықтық, адалдық әрі тиімді корпоративтік басқару қағидаттарын нығайтуға ықпал етіп, тәжірибе алмасудың тұрақты диалог алаңына айналмақ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Жемқорлықтың алдын алу басқармасы
[xfvalue_img]
