Шет ел азаматы туристік полиция қызметкеріне алғыс білдірді
Елода тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлері туралы пікірлерін айтып, жиі алғыстарын білдіріп жатады.
Кезекті алғыс Америка Құрама Штаттарынан келген шет ел азаматынан болды.
Нақтырақ айтсақ, Нэнси есімді 32 жастағы еліміздің қонағы қаланы елорданы тамашалауға сонау Американың Нью-Джерси қаласынан келген. Қаланы аралап жүріп, елорданың көрнекі жерлерін көрсету, бағыт-бағдар беру үшін туристік полицияға жүгінген. Полиция капитаны Дәурен Өскенов картадан қаланың көрікті жерлерін көрсетіп, «Астана Бәйтерек» монументіне барар жолды көрсетті.
Елордалық полицейден көмек алған шет ел азаматы ризашылығын білдіріп, суретке түсті. Полицияның қызметтеріне сәттілік тіледі.
Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы болып табылады. Азаматтардың пікірлерінің арқасында астаналық полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмайды.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]