САМАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕРІ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін Самар ауданының әкімдігін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Бұзушылық белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарылғаннан кейін, оның орындалмауына байланысты монополияға қарсы орган ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағында көзделген жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша тергеугеді өткізді.
2024 жылғы 16 қыркүйектегі тергеу қорытындысы бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР Кодексінің 163-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде, Самар ауданының сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы өз кінәсін мойындап және ӘҚБтК-нің 811-бабына сәйкес қысқартылған өндіріс тәртібімен оған 553 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгінгі күні айыппұл толығымен төленді және мемлекет кірісіне аударылды.
[xfvalue_img]