Монополияға қарсы органға ақпаратты белгіленген мерзімде бермегені үшін әкімшілік айыппұл салынады
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылғы 20 наурызда «ШҚО Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы белгіленген мерзімде монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған факті бойынша Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 162-бабы бойынша және Бөлім басшысының кінәсін мойындауын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, ӘҚБтК-нің 811-бабының 1-бөлігіне сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік жаза қолданылды әкімшілік айыппұл сомасы 184 600 теңге.
Қазіргі уақытта бөлім басшысы әкімшілік айыппұлды толық көлемде төледі.
[xfvalue_img]