Жеке тұлғалардың мүлік салығының міндеттемелері
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2023 жылы мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.
Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді.
Сонымен бірге, тұлғаларға 2024 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомаларын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламар жіберетінін еске саламыз.
1 АЕК-тен астам берешек сомалары бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қалыптастырылған салық бұйрығы жіберіледі, ол 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.
Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады.
Осылайша, артық шығындар мен сұрақтар болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуді ұсынамыз.
Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.
[xfvalue_img]