Көлік құралдарына салынатын салық бойынша 2023 жылға арналған PUSH-хабарламалар жіберіледі
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын еске салады.
2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы наурыздың 12-нен 31-і аралығында екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларының пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.
2023 жылға салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылды, оның негізінде жоғарыда аталған салықты төлеуге болады.
[xfvalue_img]