СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 46 күндік профилактикалық іс-шараның басталуы туралы ескертті
Қыркүйектің 16-нан бастап Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы бойынша жұмыс істеуде. Аталған операция шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетілетін аумақтарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейте түсті. Бұдан басқа, іс-шара халықпен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және ішкі істер органдарының беделін арттыруға бағытталған.
Байланыс нөмірлері бар визиттік карточкаларды тарату, учаскелік инспекторларды мессенджердің үйге ортақ чаттарына қосу, алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамаларды тарату, іс-шараның негізгі мақсаттарынан басқа полицейлердің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр. Осыған байланысты облыстық және қалалық полиция басшылығы қала тұрғындары мен қонақтарын аулаларды және пәтерлерді аралауға түсіністікпен қарауға, сондай-ақ ІІО қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырады. Күдікті адамдар туралы полицияға хабарлау қажет.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні сағат 21-ден 00-ге дейін облыс орталығының аумағында «шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» санаттары бойынша есепке алынған тұлғаларды тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында 180-нен астам адам тексерумен қамтылды. Олардың 59-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар. "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады", - деп атап өтті Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]