Күршім ауданының әкімдігі монополияға қарсы органының хабарламасынан кейін ҚТҚ әкетуге тендер өткізді
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Күршім ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367-бабының 2-тармағы талап еткендей, жинау және тасымалдау үшін қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындауға конкурс (тендер) өткізбегенін анықтады.
Күршім ауданының әкімдігі әрекеттерінде мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері байқалды, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелуі мүмкін.
2024 жылғы 18 маусымда Департамент бөлімге бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жоюды талап етіп хабарлама шығарды.
Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалды.
[xfvalue_img]