Шемонаиха ауданының әкімдігі монополияға қарсы органның ұйғарымынан кейін ҚТҚ әкетуге тендер өткізді
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шемонаиха ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 367-бабының 2-тармағы талап еткендей, жинау және тасымалдау үшін қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындауға конкурс (тендер) өткізбегенін анықтады.
Шемонаиха ауданы әкімдігінің әрекеттерінде мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері байқалды, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелуі мүмкін.
Департамент әкімдікке бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жоюды талап етіп хабарлама жіберді.
Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалды.
[xfvalue_img]