СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі гербицидтерді ұрлаудың жолын кесті
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде ірі көлемдегі гербицидтерді ұрлауға күдікті адамдарды ұстады.
ЖШС иесі жасалған қылмыс туралы күмәнданбаған алайда полицейлердің жедел ақпаратпен жұмыс істеуінің арқасында күдіктілерді анықтап, ұстауға мүмкін болды. Тамыз айының басында аудан аумағында тәртіп сақшылары облыс прокуратурасымен және 6637 әскери бөлімінің «Б» тобының қызметкерлерімен бірлесіп 29 жастағы петропавлдық басқарған «Toyota Prado» автокөлігін ұстады. Автокөліктен жалпы көлемі 200 литр болатын 40 канистр гербицид алынды.
"Қызылжар ауданындағы қоймадан тағы бір партия табылды, ал Петропавл қаласындағы жалға алынған автотіркемеден қызметкерлер ұрланған гербицидтерді құю үшін дайындалған бос канистрлерді тәркіледі, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев. - Ұрлық сериясын тікелей жасады деген күдікпен кәсіпорынның 31 жастағы қызметкері ұсталды. Ұрланған гербицидтердің жалпы көлемі 460 литрді құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына келтірілген залал сомасы 7 миллион 600 мың теңгеге бағаланды".
Ірі көлемде бірнеше рет ұрлық жасағандығы үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға кесіледі. Ұрланған мүлік тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін заңды иесіне қайтарылады.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]